ОхуМet02 өнімі туралы
ОхуМet02 – Ірі қара мал, балық және құс шаруашылығына арналған шешім
Оттегінің сиырлардағы мес қарынның дұрыс жұмыс істеуіндегі рөлі
Сүтті сиырлар тұтынатын судың көп бөлігі оттекке кедей. Бұл олардың мес қарнының дұрыс жұмыс істеуіне кері әсер етеді. Мес қарын микрофлорасының басым бөлігі — облигатты анаэробтар (көбінесе грамтеріс бактериялар). Шағын үлесті құрайтын факультативті анаэробтар маңызды рөл атқарады: олар су мен жемнен түсетін оттегіні тұтынып, анаэробты ортаны қолдайды.
Анаэробты бактериялар да аз мөлшерде оттексіз тіршілік ете алмайды. Оттектің жетіспеушілігі мес қарын ортасының нашарлауына, метан мен аммиак түзуші бактериялардың көбеюіне әкеледі. Бұл ас қорытудың бұзылуына және өнімділіктің төмендеуіне себеп болады.
Аздаған мөлшердегі оттек мес қарында бутират, ацетат және лактат тәрізді пайдалы заттардың түзілуіне көмектеседі — олар күйіс қайыратын малдың денсаулығы үшін анағұрлым пайдалы.

ОхуМet02-ны сүтті сиырлардың ішетін суын оттектеу үшін қолданудың артықшылықтары:
  • Әр сиырдан тәулігіне ±2–6 литрге дейін сүт өнімділігінің артуы.
  • ОхуМet02 қолдану тоқтатылғанда сүттің бұрынғы деңгейге қайта түсуі байқалған.
  • Сусынды аз ішетін немесе өнімділігі төмен сиырларда су ішу мөлшерінің артуы. Мысалы: қосымша 6 литр сүт берген сиыр күніне 15–20 литрге артық су іше бастаған.
  • Сүттің майлылығының ±0,5–1% артуы.
  • Сүттегі мочевина мөлшерінің төмендеуі. Зерттеулер сүттегі мочевина деңгейі мен аммиак бөлінуі өзара байланысты екенін көрсетеді — мочевина азайған сайын аммиак бөлінуі де азаяды.
  • Мес қарыннан аммиак бөлінуінің төмендеуі.
  • Сүттегі соматикалық жасушалардың төмендеуі. Бұл мастит ауруының азаюына әкеледі.
  • Сиырлардың жалпы денсаулығының жақсаруы.
  • ОхуМet02 қосылған уыз бұзаулардың қалпына келуін тездетеді. Колик, пневмония және басқа да аурулармен күресуде иммунитетті қолдай отырып, бұзаулар 24 сағат ішінде сауыға бастаған.
ОхуМet02 балық шаруашылығында
Оттек — балықтың денсаулығы мен өсуінің кілті
Неліктен бұл маңызды: Көптеген су қоймалары мен жабық жүйелер (бассейндер, тоғандар, аквариумдар) оттек жетіспеушілігінен зардап шегеді, әсіресе жылы мезгілде және жоғары тығыздықта.
Бұл балықтың күйзеліске түсуіне, тәбеттің төмендеуіне, өсу қарқынының бәсеңдеуіне және жаппай өлімге әкеледі.
ОхуМet02 не істейді:
  • Еріген оттек деңгейін арттырады. Тұрақтандырылған формула оттекті біртіндеп бөледі – күрт ауытқуларсыз және жанама әсерлерсіз.
  • Зат алмасу мен жемнің сіңуін жақсартады. Балық тез өседі, жемнің конверсия коэффициенті (FCR) төмендейді.
  • Аммиак пен күкіртсутек деңгейін төмендетеді. Су тазарады, микрофлора жақсарады.
  • Иммунитетті күшейтіп, шабақтардың өлімін азайтады. Әсіресе стресс жағдайында маңызды — тасымалдау, температуралық ауытқу, вакцинация кезінде.
Қайда қолдануға болады:
  • Өнеркәсіптік шаруашылықтар (аквакультура, форель, сом, тұқы өсіру)
  • Декоративті тоғандар мен аквариумдар
  • Рециркуляциялық жүйелер (RAS)
ОхуМet02 құстарға арналған
Судағы оттек – құстың денсаулығы мен өнімділігінің негізі
Мәселе: Көптеген құс фабрикалары мен фермалардағы сумен жабдықтау жүйелері оттекке кедей су береді. Бұл судың аз ішілуіне, иммунитеттің әлсіреуіне, ас қорыту проблемаларына және құстың күйзеліске түсуіне себеп болады.
ОхуМet02 не береді:
  • Суды көп ішуді ынталандырады. Құс белсендірек ішеді – әсіресе ыстықта және өсу кезеңінде.
  • Ас қорытуды және жемнің сіңуін жақсартады. Оттек ішек микрофлорасын белсендіреді, энтерит қаупін төмендетеді.
  • Иммунитетті нығайтып, өлім-жітімді азайтады. Әсіресе өмірдің алғашқы апталарында, вакцинация кезінде және тасымалдау барысында.
  • Поилкалардағы патогендік микрофлораны төмендетеді. Оттек анаэробты бактериялардың дамуын тежейді және гигиенаны жақсартады.
Қайда қолданылады:
  • Бройлерлік фермалар
  • Жұмыртқа бағытындағы құстар (несушки)
  • Үйрек, қаз, күркетауық
  • Инкубаторлар және бастапқы учаскелер
Қолдануға жарамды:
  • Ірі қара мал
    Сүт өнімділігін арттырады, аммиакты төмендетеді, ас қорытуды жақсартады, патогенді микрофлораның деңгейін азайтады
  • Құстар
    Құстың иммунитетін нығайтады, қоректік заттардың сіңуін жақсартады, су ішу белсенділігін арттырады
  • Балықтар
    Суды оттекпен байытады, биологиялық жүктемені азайтады, бассейндер мен тоғандардағы судың сапасын жақсартады
Сайтты MEDUZA.TEAM компаниясы іске қосты
Жеке деректерді өңдеу, сақтау және қорғау саясаты
г. Алматы ул. Богенбай Батыра 137. Оф.7
Өнімдер
Made on
Tilda